Бокс
30 қараша 2020 11:50
 

Жеңілмеген қазақ боксшы 16 қарсыласын нокаутқа түсірген ганалықпен жекпе-жекке шығады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген қазақ боксшы 16 қарсыласын нокаутқа түсірген ганалықпен жекпе-жекке шығады Айдос Ербосынұлы. Сурет: Suleimen Promotions©

Суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін желтоқсанда өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін желтоқсанда өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Айдос рингке 16 желтоқсан Қазақстан астанасында шығады. 29 жастағы қазақ боксшының қарсыласы 31 жастағы ганалық Исса Самир болады. Ол 19 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (16 нокаут). Самир кездесуінің бәрін Отанында ғана өткізген екен.

Ербосынұлында WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдары барын айта кетейік.

26 шілде Минскте өткен кейінгі жекпе-жегінде ол германиялық Нуху Лавальді (27-7, 15 КО) жеңген еді. Қазір Айдос WBA рейтингінде екінші, WBO-да алтыншы, IBF-де жетінші және WBC ұйымында 15-ші.

Жарнама

Живи спортом!