Жеңілмеген қазақ боксшы 15 жеңісі бар "Дауылмен" айқасады

©

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Сұлтан Зауырбектің (13-0, 9 KO) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz

21 шілде Шотландия астанасы Эдинбургте Сұлтан 28 жастағы испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасады. Box.Rec рейтингінде қазақстандық боксшы 78-ші, ал қарсыласы 230-орында екенін айта кетейік. 

"Дауыл" лақап атты испаниялық боксшы жекпе-жектерінің бәрін отанында ғана өткізіпті. 18 наурыздағы кейінгі айқасында ол төрешілер шешімімен венесуэлалық Дионис Мартинесті (9-44-5, 4 КО) жеңген.

Сұлтан Зауырбек қазіргі таңда IBF рейтингінде 14-орында келеді. WBA нұсқасы бойынша 10-орында. Сондай-ақ WBO European титулына ие. 

Кейінгі рет Сұлтан Болтондағы (Англия) бокс кешінде жұдырықтасып, аргентиналық Факундо Арсені нокаутқа түсірген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар