Жеңілмеген қазақ боксшы 10 қарсыласын "тоқпен ұрып құлатқан" аргентиналықпен айқасады
©Wassermanboxing
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (17-0-0, 12 КО) келесі қарсыласы "220 вольт" атанып кеткен аргентиналық Роман Рубен Рейносо (22-4-2,10 КО) болады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (17-0-0, 12 КО) келесі қарсыласы "220 вольт" атанып кеткен аргентиналық Роман Рубен Рейносо (22-4-2,10 КО) болады, деп жазады Vesti.kz.
BoxRec мәліметінше, 21 маусым Британияның Болтон қаласындағы бокс кешінде қарсыластар екінші жартылай жеңіл салмақта 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Рейносо кәсіпқойда 2011 жылдан бері өнер көрсетеді. Карьерасында аргентиналық боксшы төрт рет жеңіліп, екі рет тең түскен екен. Ал жеңістер саны 22 және оның оны нокаутпен.
Boxrec рейтингінде Рейносо 285-сатыда, ал Сұлтан 28-орында.
Жарнама