Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) мексикалық Хосе Масиас Энрикеспен (15-0, 7 КО) WBO Youth тиулы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
23 жастағы қазақ боксшы рингке 25 наурыз Балуан шолақ атындағы спорт сарайындағы бокс кешінде шығады.
Бұл кештің басты жекпе-жегі Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстік африкалық Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) арасында болады.