Бокс сарапшысы Дэн Каноббио екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (42–0, 31 КО) орта дивизионының белбеулері үшін қашан айқасатыны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сарапшының мәліметінше, Жыланды тумасы жуырда WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) кездесу өткізбек. Ал Кроуфорд WBC титулының иегері Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқасады, ал күзде – ең мықты дегенімен абсолют атағы үшін жұдырықтасады.
"Жанібек пен Лара үш чемпиондық белбеу үшін айқасады, одан кейін Кроуфордпен жекпе-жек те алыс емес. Теренс Кроуфорд осылай қайнап дивизионға бірден араласып, жаңа салмақ дәрежесінде абсолют атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін.
"Бэд" (Кроуфорд) келесі жылдың басында Адамеспен айқасуы мүмкін немесе соңғы жылдардағыдай орта салмақтағы қарсыластардың өзара жекпе-жегін күтіп, ең мықтысымен келесі күзде кездесе салады", - дейді Каноббио Inside Boxing подкастында.
Жарнама