Бокс
15 шілде 12:33

Жеңілмеген чемпион Жәнібекке берген сөзінен неге тайқығаны айтылды

©Ready to Fight

Британиялық боксшы Хамза Шираздың (22-0-1, 18 KO) екінші орта салмаққа ауысуының себебі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) немесе британиялық Крис Юбенкпен (35-3, 23 KO) жекпе-жек үшін орта салмақта қалуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Сәтсіздік түрткі болды

Бірақ Сауд Арабиясында доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) өткен сәтсіз жекпе-жек оған жоспарларын қайта қарауға мәжбүр етті.

Белгілі болғандай, Адамеспен жекпе-жек алдында британиялық боксшы салмақ түсіруде үлкен қиындықтарға тап болған және сол сәтте ол орта салмақ дәрежесінен түбегейлі кетуге шешім қабылдапты.

Бұл туралы британиялықпромоутер Фрэнк Уоррен айтып берді.

"Егер мен (Шираздың салмақ мәселесін) білгенімде, бұл жекпе-жекке (Адамеспен) жол бермес едім. Кейін біз бәрін шештік. Содан кейін ол Канеломен жекпе-жекке шыдаған нағыз қарсыласпен (Эдгар Берланга)жұдырықтасты", - деп береді Уорреннің сөзін The Ring.

Еске салайық, Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде Хамза пуэрториколық Эдгар Берлангамен (23-2, 18 KO) жекпе-жекке шықты. Шираз рингте толық үстемдік көрсетіп, кездесуді бесінші раундта нокаутпен аяқтады.

26 жастағы Шираз қазіргі таңда Еуропа (EBU) және Британиялық ынтымақтастық чемпионы, сондай-ақ WBC Silver белбеуінің иегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport