Жеңілмеген боксшыны нокаутқа түсірген қазақ The Ring рейтингінде жоғарлады

©instagram.com/meiirim.nursultanov

The Ring жаңартылған рейтингін жариялады. Орта салмаққа қатысты жаңа тізімде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың позииясы жақсарыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірім 10-орыннан сегізге көтерілген. 15 сәуірде Нұрсұлтанов жеңілмеген жапониялық боксшы Кадзуто Такесаконы жеңіп, орта дивизионда WBO International белбеуін қорғап қалды. 

Рейтингте бірінші Геннадий Головкин тұр. Екіде Канелоның ізбасары атанып кеткен Хайме Мунгия, ал үшінші орында тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы. 

The Ring тұжырымынша орта салмақтың топ-10 тізімі мынадай:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан);
2. Хайме Мунгия (Мексика);
3. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);
4. Карлос Адамес (Доминикана Республикасы);
5. Лиам Смит (Ұлыбритания);
6. Сергей Деревянченко (Украина);
7. Эрисланди Лара (Куба);
8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);
9. Феликс Кэш (Ұлыбритания);
10. Крис Юбенк кішісі (Ұлыбритания).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport