Бокс
16 қаңтар 09:24

Жеңіл салмақтағы қазақ нокаутшы халықаралық ұйым ретйінгінде көтерілді

©Wasserman Boxing

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингін жаңартты. Жаңа тізіде қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13 КО) екі саты жоғарлады. 

Екінші жартылай жеңіл салмақ рейтингінде Сұлтан жетінші орынан екі саты көтеріліп, үздік бестікке кіріп отыр.

2024 жылы қазақ боксшы үш жекпе-жек өткізді

Алдымен наурыз айында кубалық Виктор Хулионы (18-11, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңді, маусым айындағы кездесуінде аргентиналық Роман Рейносоны (22-6-2, 10 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді, ал желтоқсан айында польшалық Дамиан Вржесинскиді (28-4-2, 7 КО) жеңді, бұл айқаста Сұлтан қарсыласын соңғы раундта нокдаунға түсірген еді. 

Сұлтан Зауырбек кәсіпқой карьерасын 2018 жылы бастады, оған дейін әуесқойда 2014 жылы Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Сонымен бірге, ол 2017 жылы Ислам ойындарынң қоласын жеңіп алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport