Мора орта салмақта абсолют чемпион болған Бернард Хопкинспен толықтай келіседі екен.
"Жендетпен" қалай келіспеймін? Бернард Хопкинс - тірі аңыз. Ол кез келгеннен артық біледі. 24 раундта бұл жігіттер бір-бірін жақсы біліп алды. Біз жас, күші сарқылмаған "Канело" нокаутпен жеңеді деп пайымдаймыз. Ол рингке Головкинді тоқтату үшін шығады. Екеуі де нокаут үшін шығады. Головкин де айқасты алғашқы раундтарда аяқтайтындай мықты екенін білеміз. Олардың арасында өшпенділік пен жаулық өршіп тұр.
"Канело" жекпе-жектен қашуға тырысты, ал GGG оны қудалап келді. Енді аздап күту қажет. Ал осы тосқан уақыт, түңілу мен жиналған ашу-ызаны есепке алсақ, жекпе-жек нокаутпен бітеді деген ойдамын", - дейді Мора.