Жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Қазақстан құрамасы капитанының қарсыласы ауысып кетті

Сурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы ауысты. Бұл туралы MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы хабарлады. 

Қамшыбек 27 ақпан Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегіне шығады. Бастапқыда оның қарсыласы британиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болған. Ал енді Қоңқабаев украиналық Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific белбеуі сарапқа салынады.