Польшаның Super Express басылымының мәліметінше, жақында тараптар жекпе-жектің қаржылық тұсын талқылаған, алайда, бұл келіссөздер созылыңқырап кеткен. Шеремета карьерасындағы ең үлкен гонорар алатыны да айтылды.
Нақты айтқанда салық, промоутер үлесі мен басқа да шығындарды алып тастағанда Головкинмен жекпе-жек үшін польшалық боксшыға миллион злотый (235 мың еуро) төленеді.
Жекпе-жектің өзі ақпан (8 немесе 29) әлде наурыз басы Чикагода өтеді. Мұның алдында Головкин осы қаладағы Wintrust аренасын жалға алып қойғаны хабарланған.