Бастапқыда бұл жекпе-жекте 3:2 есебімен Кларк жеңген, алайда, ресейліктер тарапынан түскен шағым бойынша кездесу қорытындысы қайта қаралды. Төрешілер үшінші раунд қорытындысы дұрыс болмады деген шешім шығарды. Енді жекпе-жек жеңімпазы Бабанин болып отыр. Жартылай финалда оның қарсыласы өзбекстандық Баходыр Жалолов болады.
Осылайша, ресейлік командадан жартылай финалда төрт боксшы өнер көрсетеді: Андрей Замковой (69), Глеб Бакши (75), Муслим Гаджимагомедов (91) және Максим Бабанин (91 келіден аса). Ал Англия құрамасында үш боксшы қалды - Питер Макгрейл (57), Пэт Маккормак (69) пен Бенджамин Уиттакер (81).
Осыған байланысты Ресей жартылай финалға өткен боксшылар саны бойынша үшінші орынға көтерілді, ал Англия төртке түсіп қалды. Мұның алдында ағылшын командасы төрт боксшымен тізімде үшінші еді, ал ресейліктер Кубамен бірге төртінші орында болған.
Сонымен қоса, Ресей командасы үш дүркін әлем чемпионы Ласаро Альварестен жеңілген Альберт Батыргазиевтің (57) жекпе-жегіне қатысты да шағым түсірген, дегенмен, бұл сұрау қанағаттандырылмады.