Бокс
Бүгін 13:55

Жекпе-жек кезінде екі боксшы да бір мезетте құлады: бірақ жеңімпаз бар

©Видеодан кадр

АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақтағы кубалық Йоханлер Мартинес (5-1-1, 2 КО) пен америкалық Джошон Джеймс (10-1-2, 5 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингтегі басты оқиға

Жекпе-жектің ең айтулы сәті - екі боксшының да бір сәтте нокдаунға түскені боды. Екінші раундта Мартинес Джеймсті есеңгіретіп, шабуылға беріліп кетті. Алайда қарсыласының желкесінен соққы жасағаны үшін төреші оған ескерту жасап, ұпайынан айырды.

Қос нокдаун және жекпе-жек тағдыры

Үшінші раунд шешуші болды. Қуатты соққылар алмасуы кезінде екі боксшы да бір мезетте құлады. Джеймс тез орнынан тұрды, ал Мартинес біраз есеңгіреп қалды.

Төрешілер шешімі

Жекпе-жек қорытындысы бойынша бір төреші тең нәтиже тіркеді (75:75). Ал қалған екі төреші Джошон Джеймс жеңді деп есептейді — 77:73 және 77:74.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport