Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа салмақта қалай өнер көрсетіп жатқанын айтып берді.
67 келіде жұдырықтасатын 24 жастағы Абылайхан төрешілер шешімімен "Машина" лақап атты венесуэлалық Кристиан Паласионы жеңіп, 1/8 финалға өтті.
- Абылайхан, әлем чемпионатында басқа салмақта өнер көрсетіп жатырсың. Қаншалықты ыңғайлы?
- Әзірге екі жекпе-жек қана өткіздім. Ештеңе айта алмаймын. Салмақпен бәрі дұрыс сияқты. Ары қарай анық байқаймыз.
- Ал оңтайлысы қайсы? 69 немесе 67?
- Айырмасы жоқ. Екеуі де оңтайлы.
- Бүгінгі қарсыласың лас әрекеттерге барды...
- Жақсылап дайындалдық. Бапкерлер барын салды. Оларға алғысымды айтамын. Олардың қойып берген тактикасы арқасында жеңдім.
- Бетіңе қатысты, бүгін әлде бірінші күннен бастап па?
- Бүгін жырып алдым. Аса бөгет болған жоқ - бұрышта қанды бірден тоқтатты. Жекпе-жек кезінде байқамай да қалыппын.