Жекпе-жек фавориті бірінші раундта нокаутпен жеңілді

©

Монреальда өткен бокс кешінде жанкүйерлер күтпеген нәтижеге куә болды. Маңызды жекпе-жектің бірінде фаворит саналған боксшы бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz vRINGe.com сайтына сілтеме жасап. 

Канадалық боксшы Ив Улисс (кішісі) (22-3, 12 КО) супер жеңіл салмақта (- 63,5 кило) мексикалық Габриэль Валенсуэламен (26-3-1, 16 КО) жұдырықтасты. Шаршы алаңдағы шайқаста канадалық айқын фаворит саналған. Алайда кездесу басталысымен аперкот соққыларын сәтті орындаған мексикалық андердог қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: