"Жазып алыңыздар". Шетелдік журналист "Канело" - Головкин айқасы өтетін нақты уақытты айтты

Сурет: vtwctr.org

Доминикандық журналист Карлос Нина Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сәуегей болмасам да, менің болжамым мынау: қыркүйекте "Канело" екінші орта салмақта абсолют чемпион атану үшін америкалық Калеб Плантпен кездеседі. Ал 2022 жылдың мамырында көп күттірген трилогияны аяқтау үшін Головкинмен айқасады. Жазып алыңыздар", - деп жазыпты ол "Твиттер" желісінде. 

Мұның алдында "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жекке дайын екенін айтқан. Бұл үшін қазақстандық боксшы екінші орта салмаққа көтерілу керек.