"Жәй ғана нокаут емес". Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Top Rank компаниясының Twitter желісіндегі жазбасына жауап жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 қарашада Жәнібек WBO белбеуін алғаш рет британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы қорғайды. 

"Вегаста Әлімханұлынан тағы бір жыл нокауты бола ма екен?", - делінген еді Top Rank жазбасында.

Жәнібек бірден былай деп жазды: "Иншааллах, мен оны нокаутқа түсіремін. Бұл жай нокаут емес, жыл нокауты болады!".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport