Де Ла Хойяны түсінуге де болады - қазіргі таңда ол DAZN стриминг қызметімен мексикалықтың келесі жекпе-жегі бойынша келіссөзі ауыр өтіп жатыр. Пандемия салдарынан платформа Альварестің гонорарын азайтуға мәжбүр. DAZN Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін ғана бұрынғысынша 40 миллион доллар төлеуге дайын.
Бокс
28 тамыз 2020 13:53
"Жауабы анық". Промоутер "Канело" рингке шықпаса бокс тоқырай беретінін айтады
Сурет: Fightnews.info
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя бокс тоқырауға ұшырап отыр деп есептейді. Ал телерейтингтердің тым төмендеп кетуін рингте Альварестің жоғымен байланыстырды.
"Бұрын кейбірі "Канелоның" боксқа қажеттілігін түсінбеген болар. Бірақ мына тоқырап тұрған рейтингтерге қараңыздар. Жауабы анық. Боксқа өзінің басты жұлдызы қажет. Боксқа "Канело" керек", - деп береді промоутердің сөзін vRINGe.com.