Бокс
15 қыркүйек 2021 11:00
 

Жастар Олимпиадасының жеңімпазы және өзгелер. Бокстан Қазақстан құрамасы қалай өзгереуі мүмкін

  Пікірлер (1)

blog.share

Жастар Олимпиадасының жеңімпазы және өзгелер. Бокстан Қазақстан құрамасы қалай өзгереуі мүмкін ©Olympic.kz

Жастар Олимпиадасының алтын жүлдегері Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасының жаңартылған құрамының көшбасшысы болуы мүмкін. Сонымен бірге, ұлттық командаға жастар рингінің бірнеше жұлдызы келуі ықтимал. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

blog.share
1

Жастар Олимпиадасының алтын жүлдегері Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасының жаңартылған құрамының көшбасшысы болуы мүмкін. Сонымен бірге, ұлттық командаға жастар рингінің бірнеше жұлдызы келуі ықтимал. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

Шоқыр Бөлекұлын еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир іріктеу бастамасы болды, бұл жарыста Қайрат Сәтжановтың штабы Сербияға баратын кандидаттарды қарастыра алды. 

Ұлттық команда жаңартылып, оның негізгі құрамы жас боксшылардан жинақталады деп жоспарланған. Дегенмен тәжірибелі боксшылар да әлем чемпионатына баратын шығар. 

2021 жылғы әлем чемпионатына баратын бокстан Қазақстан құрамасы мынадай болуы мүмкін:

48 келіге дейін - Даниял Сабит - 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

51 келіге дейін - Жомарт Ержан - 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

54 келіге дейін - Сабырхан Махмуд - 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

57 келіге дейін - Оразбек Асылқұлов - 2020 жылғы спартакияданың күміс жүлдегері.

60 келіге дейін - Саматәлі Төлтаев - 2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты, күміс.

63,5 келіге дейін - Санатәлі Төлтаев - 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

67 келіге дейін - Дархан Дүйсебай - 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы.

71 келіге дейін - Ермахан Жақпеков - 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының чемпионы.

75 келіге дейін - Аятулла Тәкежанов - 2016 жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы.

80 келіге дейін - Нұрбек Оралбай - 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.

86 келіге дейін - Оңталап Рахманов - 2019 жылғы спартакияда жеңімпазы (91 келіге дейін).

92 келіге дейін - Айбек Оралбай - 2018 жылғы жастар Олимпиадасының жеңімпазы.

92 келіден аса - Еркін Мұхамеджан - 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!