Жастар арасында 2021 жылғы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec мәліметінше, Сабыржан 22 тамызда Қарағандыда өтетін бокс кешіне қатысады.
Қазақ боксшысының қарсыласы - өзбекстандық Шавкат Халилов (7-4, 1 КО). Жартылай орта салмақ лимитіндегі жекпе-жек төрт раундқа есептелген.
Еске салайық, Аққалықов 64 келі салмақта Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына екінші алтынды салған болатын. Осыдан кейін ол ұлттық құрамадағы карьерасын "қазақ салмағында" жалғастырғысы келетінін айтқан.