Бүгін, 20 сәуірде Польшаның Кельц қаласында 2021 жылғы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шығып, финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталатын жарыстың күндізгі сессиясында бес бұрымды жұдырықтасатын болады.
Жұлдыз Шаяхметова (60) - Дилфуза Бекова (Өзбекстан)
Жасмин Кизатова (69) - Барбара Марчинковска (Польша)
Асель Сағатова (81) - Ксения Олифиренко (Ресей)
Дана Дидай (75) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)
Елдана Талипова (+81) - Дарья Козорез (Молдова)
Кешкі сессия елорда уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған және алаңға ел намысын қорғау үшін төмендегі спортшыларымыз шығады.
Санжар Ташкенбай (49) - Бишвамитра Чонгтам (Үндістан)
Ерболат Сабыр (56) - Алексей Шендрик (Ресей)
Сабыржан Аққалықов (64) - Анкит Нарвал (Үндістан)
Диас Молжігітов (75) - Михаил Усов (Ресей)
Елнұр Сүйінбай (60) - Джон Оробио (Колумбия)