Бокс
9 желтоқсан 2021 09:38

"Жаса оны". Тайсон Фьюри қазақстандықпен жұдырықтасатын абсолют чемпионды қолдады

©The Mirror

Ауыр салмақта әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри абсолют чемпион Кэти Тэйлорды мақтап, оған қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

11 желтоқсан Ливерпульде (Англия) ирландиялық боксшы қазақстандық Фируза Шариповамен жұдырықтасады. Фьюри Instagram желісіндегі Stories арқылы Тэйлордың жеңісіне сенім білдірді.

"Ол бокста мәңгі. Қане, Кэти, жасашы ол жерде", - деп жазыпты Фьюри.

Еске салайық, бұл айқаста Тэйлорға тиесілі жеңіл салмақтағы WBC, WBA, IBF және WBO титулдары сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport