Бокс
20 сәуір 2021 14:58

Жас талант. Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында анық басымдық көрсетіп келеді

Трансляциядан жасалған кадр

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай ұлттық команда сапынан жүлдеге бірінші болып ілікті. Сонымен бірге, Санжар Польшадағы турнирде тамаша бокс көрсетіп келеді, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Санжар жастар арасындағы әлем чемпионатын екінші айналымда германиялық Джулиано Гоманоны жеңуден бастады. Қазақстандық боксшы айқасты төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. 

Екінші жекпе-жекте Санжар өзбекстандық Иброхим Ушжоновтан басым болды. Бұл тартысты айқаста да ол төрешілердің бірауыздан шешімімен басым шықты. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар әлемдік турнирде бес жүлдеге ілігіп, командалық есепте Куба мен Өзбекстаннан басым тұр. Сонымен қоса, қыздар командасы да жүлдеден құр қалып отырған жоқ. 

Жарыстың жартылай финалдық кездесулері бүгін, 20 сәуірде, ал 22-23 сәуірде турнир чемпиондары анықталады.