Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Виктор Темиров (12-0, 9 КО) Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде 39 жастағы венесуэлалық Джонни Санчесті (20-15, 13 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Темиров қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
Қазақстандық боксшы алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болып, бірінші раундтың соңына қарай Санчесті нокдаунға түсірді. Алайда тәжірибелі венесуэлалық орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыра алды.
Екінші үш минуттықта Темиров шабуылын жалғастырып, қарсыласын тағы екі рет нокдаунға түсірді. Үшінші рет құлағаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, кәсіпқой рингтегі мінсіз рекордын сақтап қалды - 12 жекпе-жекте 12 жеңіс. Оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған.
Темиров 2026 жылғы үшінші жекпе-жегін өткізді
Бұл Темиров үшін 2026 жылғы үшінші жекпе-жек болды. Қазақстандық орта салмақтағы боксшы биылғы үш кездесуінің барлығында да мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ал Санчес қатарынан 12-рет жеңіліс тапты.
Кәсіпқой рингте Темиров "Қасапшы" деген лақап атпен өнер көрсетеді. Сонымен қатар Германия жанкүйерлері жас қазақстандықты атақты отандасы Геннадий GGG Головкинмен жиі салыстырады. Головкин де кәсіпқой мансабын Германияда бастап, кейін орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы атанған.
Жарнама