Бокс
27 мамыр 2021 09:35

Жарыстан шығып қалды. Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатындағы бірінші айқасында жеңілді

Сурет: Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол турнирді 1/4 финалдық кезеңнен бастаған болатын. 81 келіге дейінгі салмақта Бекзат Иран боксшысы Мейсама Гешлагимен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Бекзат 4:1 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, 23 жастағы Бекзат 2019 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол кәсіпқой бокста да өнер көрсетеді, онда екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңген. Нұрдәулетов Олимпиада лицензиясының иегері және Токио ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан Даниял Сәбит (49 кг), Василий Левит (91 кг), Назым Қызайбай (61 кг), Римма Волосенко (60 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг) және Қамшыек Қоңқабаев (91 келіден аса) жартылай финалға шықты.