Ломаченконың иығында жарақат жекпе-жекке дайындық кезінде де болған екен. Ол уақытта ауырғанын басу үшін екпе жасалған. Боксшыға операцияны Лос-Анджелестегі белгілі ортопед Нил Эльатраче жасап, мән-жайды айтып берді.
"Ол жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Украинадан келгенде иығы дұрыс болмады. Айналдырушы манжетасын жарақаттапты, шеміршектің бір бөлшегі жұлынып кеткен, ол кезде мұны байқамағанбыз. Бірақ оның айналдырушы манжета мен бекіген жеріндегі сүйегін жарақаттағанын білдік. Ол кезде жекпе-жекке дейін алты апта қалған, ол жаттыға алатындай күйге жеткіздік. Дегенмен жекпе-жек кезінде жарақат қиындықтар тудырған.
Кеше оған операция жасадық. Мына жарақаты бұрын Хорхе Линареспен жекпе-жекте алған жарақаты екеуі бір жерде болып тұр. Сондықтан біраз өзгерістер жасау керек болды" - дейді дәрігер.