Жарақат алып қалған. Садриддин Ахмедовтің келесі айқасы өтпейді
Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©
Қазақстандық Садриддин Ахмедовтің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм-арнасы хабарлап отыр.
Қазақстандық Садриддин Ахмедовтің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм-арнасы хабарлап отыр.
"Садриддин Ахмедов пен канадалық Мпонда Калунга арасындағы жекпе-жек өтпейді. Бұл кездесу 16 шілде Шавиниганда өтеді деп жоспарланған болатын. Қазақстандық боксшы арқасын ауыр жарақаттап алған, енді қалыпқа келу үшін кемі алты апта қажет", - делінген хабарламада.
23 жастағы Садриддин мен 32 жастағы канадалық Мпонда Калунга (8-2, 3 КО) арасындағы айқас Шавиниган (Канада) қаласындағы бокс кешіне белгіленген еді.
Жарнама