Жапониялықты сабаған Тим Цзюдың гонорары белгілі болды

©championat

Аустралиядағы кәсіпқой бокс кешінде Тим Цзю жапониялық Такеши Иноуэні ұпай санымен жеңді. Жекпе-жек толыққанды 12 рануд созылып, төрешілер шешімімен Цзю қарсыласынан басым түсті. Сонымен қатар, 12 раундтың бел ортасында бірнеше рет ауыр соққы жасаған аустралиялық былғары қолғап шебері Такеши Иноуэні нокдаунға түсірді.

Бірінші орта салмақта WBO Global және WBO Asia Pacific белбеулері сарапқа түскен айқастан кейін Herald Sun басылмының мәліметінше Цзю 2 миллион АҚШ долларын алады.

Еске салайық, Тим Цзю Аустралияда дүниеге келген. Оның әкесі ресейлік және аустралиялық боксшы, WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің  абсолют чемпионы Костя Цзю.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: