Жапониялық "суперчемпион" Головкинмен ертерек айқас өткізгісі келетінін айтты

©Boxing Social

WBA тұжырымы бойынша "суперчемпион" Риота Муратаның (16-2, 13 КО) өкілі Акихико Хонда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) өтуі тиіс айқас сәуір айында болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Головкиннің командасы Жапониядағы жағдаймен жақсы таныс. Біздің ойымызша алдағы уақытта керемет бокс кешін ұйымдастырып, сәуір айында қос алып рингте қолғап түйістіреді деп сенеміз. Муратаның Лондон Олимпиадасында орта салмақта чемпион атанғанына 10 жыл болды. Олимпиада алтынының беделі жоғары екені рас. Дегенмен ол әлі де белсенді. Риота маған Геннадиймен ертерек айқас ұйымдастыруын сұрады", - дейді Хонда nikkansports.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Риота арасындағы жекпе-жек өткен жылдың желтоқсанында Токио төрінде өтуі тиіс еді. Алайда күншығыс елінде аты жаман аурудың өршуіне орай кездесу кейінге шегерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар