Бокс
Бүгін 11:39
 

Жапониялық боксшы Махмұт Сабырханды рейтингтегі көшбасшылықтан айырды

  Пікірлер

blog.share

Жапониялық боксшы Махмұт Сабырханды рейтингтегі көшбасшылықтан айырды ©Kazakhstan Boxing Federation

World Boxing халықаралық ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Онда қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта бірінші орыннан екінші сатыға түсіп, ал көшбасына жапониялық Рую Ямагучи шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

World Boxing халықаралық ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Онда қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта бірінші орыннан екінші сатыға түсіп, ал көшбасына жапониялық Рую Ямагучи шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сабырхан рейтингтегі бірінші орнынан айырылды

Қараша айындағы рейтингте Сабырхан 1837,5 ұпай жинаған. Бұған дейін қазақстандық боксшы өз салмағындағы үздіктер тізімін бастап тұрған еді. Алайда бұл жолы оны 1937,5 ұпайы бар Ямагучи басып озды. Екі спортшының арасындағы айырмашылық - 100 ұпай.

Үшінші орынды 1100 ұпай жинаған испаниялық Рафаэль Лосано Серрано иеленді. Үздік ондыққа енген боксшылардың тізімі төмендегідей:

Рую Ямагучи (Жапония) - 1937,5 ұпай.
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - 1837,5.
Рафаэль Лосано Серрано (Испания) - 1100.
Билгунсайхан Хархуу (Моңғолия) - 1100.
Хуниор Алькантара Рейес (Доминикан Республикасы) - 981,25.
Лоренцо Патрисио (АҚШ) - 950.
Лю Чуанг (Қытай) - 825.
Вячеслав Рогозин (Ресей) - 800.
Карло Паалам (Филиппин) - 750.
Хавьер Ибаньес Диас (Болгария) - 550.
Сабырханның жетістіктері

Махмұт Сабырхан - әлемнің екі дүркін чемпионы. Қазақстандық боксшы 2023 және 2025 жылдары өткен әлем чемпионаттарында алтын жеңіп алды. Сондай-ақ 2024 жылы Азия чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!