"Жанына батырамын...". Қазақстандық нокаутшы африкалық "Годзиланың" мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстандық Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында нигериялық Онориоде Евариеменің (18-1, 17 КО) мәлімдемесіне ұстамды жауап берді. Суперауыр салмақтағы 12 раундта жекпе-жекте WBA International титулы сарапқа салынады.

"Годзила" лақап атты бойы екі метр африкалық боксшы Жанның жекпе-жегін көргенін және еш әсер алмағанын, ал өзін қауіпті санайтынын мәлімдеген еді. 

"Жанына батырамын... Бұл енді көрермен үшін қаншалықты тамаша болатынын білмеймін. Маған оның жұлқынып тұрғаны ұнайды", - дейді қазақстандық.

Айта кетейік, Кособуцкий Беларуссияда жаттығып жатыр, ал 20 ақпан Гамбургте өтетін титулды жекпе-жекке екі-үш күн қалғанда Германияға бармақ. Қазақстандық боксшы бұл елде бұрын да жұдырықтасқан. Тіпті хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, IBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алған еді.