Қазақстандық боксшы Жасұлан Бердалы Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында алтын жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы финалдық айқаста Жасұлан тәжікстандық Абубакр Ғафуровқа 1:4 есебімен есе жіберді.
Желіде тараған видеокадрларда боксшының көз жасына ерік бергені, ал оның бапкерінің қиын кездесуден кейін шәкіртіне қолдау көрсетіп жатқаны көрінеді.
Осы жеңіліске қарамастан, Қазақстан құрамасы жарысты сенімді өткізуде: Жасұланға дейін Игорь Соловьев (80 кг дейін), Расул Асанханов (92 кг дейін) және Бексұлтан Қайратұлы (92 кг жоғары) алтын жеңіп алды.
Жарнама