"Жанкүйерлер нокаут күтеді". Қазақ боксшы Еуропа чемпионымен титулды айқас жайлы

Автор:
Сұлтан Зауырбек. Сурет: MTK Global

Кейінгі жылдары елімізде кәсіпқой бокс қарқынды дамып келеді. Соның арқасында көптеген жаңа есімдер шығып жатқанын айта кеткен жөн. Солардың бірі Сұлтан Зауырбек (10-0, КО 7). Шаршы алаңға он рет шығып оның бесеуін нокаутпен жеңген жас талант бүгін спорттық карьерасындағы кезекті жекпе-жегіне шығады.

"Титулды жекпе-жекке ерекше дайындалдым. Сол үшін ауа-райына бой үйрету үшін Алматыға ертерек келдім. Қарсыласымды жақсы зерттедік. IBF тұжырымы бойынша Еуропаның чемпионы. Жанкүйерлер менен тек нокаут күтеді. Өз басым рингкке нокаут жасайм деп емес, жеңемін деген оймен шығамын. Сондықтан бұйырса барлығын ринг көрсетеді", - дейді Сұлтан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сұлтанның қарсыласы шотландиялық Ронни Кларк (21-4-2, КО 10). Қос боксшы екінші орта салмақта WBO European титулын сарапқа салады.

Жаңалықтар