Боксшылар арасындағы трилогия биыл өтеді деп күтілген еді. Алайда Альварес алдымен қазақстандықпен жұдырықтасудан бас тартты, ал кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.
"Ол "Канелоға" қатысты алаңдамайды. Бұл жекпе-жек туралы Альварестен сұраңыздар. Меніңше, "Канело" үшінші жекпе-жекті неге қаламайтынын жанкүйерлер түсінеді. Ал GGG бұған алаңдамайды. Ол 5 қазанда жеңіске жетіп, әлем чемпионы ретінде екінші жарысты бастайды. Біріншісінде ол титулдарын 20 рет қорғаған. Бұл тамаша жекпе-жек болады", - дейді Леффлер.
Головкин 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жұдырықтасады. Боксшылар тамыз басында Сауль Альварестен тартып алынған IBF белбеуін сарапқа салады.
"Қорқыныш бар!". Головкин Деревянченкомен әлем чемпионы титулына жекпе-жек жайлы