Бокс
5 қыркүйек 22:35

Жанқош Тұраровтың жекпе-жекті күтпеген нәтижемен аяқталды

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) Алматы қаласында өткен бокс кешінде екұдай әсер еткен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте ол филиппиндік Али Канегамен (12-3-1, 8 КО) кездесті. Он раундқа жоспарланған бұл кездесу алғашқы раундта-ақ аяқталуы мүмкін еді, себебі Тұраров қарсыласын есеңгіретіп үлгерді. Алайда Жанқош басымдығын үдетпей, жанкүйерлерді таңғалдырған күйде жекпе-жекті он раундқа дейін ұзартты. Ол тек қазылар шешімімен жеңіске жетті. Канега соңғы гонгқа дейін әрең шыдағанын айта кету керек.

Тұраров әдейі жекпе-жекті жанкүйерлер күткендей нокаутпен аяқтамай, оны ұзақтау өткіземін деп соңына дейін апарды.

Қалай болғанда да, Тұраров әлі де жеңіліс көрмеген боксшылар қатарында. Бұл оның кәсіпқойдағы 29-шы жеңісі. Ал Канега үшінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, карьерасында ол 12 жеңіске жетіп, бір рет тең түскені бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport