Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исаның жекпе-жек кезінде күйеуіне көрсеткен қолдауы Қазнетті тәнті етті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 11 желтоқсан Алматыда өткен бокс кешінде Жанқош венесэлалық Энрике Луисті нокаутқа түсіріп, IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алды.
Алғаш рет Қазақстандағы кешті DAZN платформасы көрсетті. Бұл Тұраровтың стриминг сервистегі дебюті болатын.
Блогерлер Клара Исаның күйеуі Жанқош Тұраровқа көрсеткен қолдауының видеосын бөлісе бастады.
"Әр чемпионның артында бір әйелі тұрады дейді. Жеңешемді құттықтаймын", - дейді мобилограф Қыран Талапбек.
@nnnurdaylet_tiktok Не деген поддержка???Ар жеңімпаздын артында келіншегі турады деген рас??#бакыт#врек#жанкош ♬ оригинальный звук - Bektursyn Nurdaulet
@kyran_talapbek ♬ оригинальный звук - kyran_talapbek
Ал "Экспресс К" сайты керісінше, Клара Исаның әрекетін сынағандардың пікірлерін келтіріпті:
"Осы қатындарға не жоқ? Үйде отырмай ма?", "Бұл әйел жүретін жер емес. Қазағыма жараспайды. Қабанбай, Бөгенбай батырлар айқасқанда әйелдері қасында емес, үйінде тілеуін тілеген", "Менің ойымша әйелдің үйінде тілеуін тілеп отырғаны дұрыс болушы еді. Бұл жерде күйеуін қолдау үшін емес, өзін көрсетуге келгені көрініп-ақ тұр", "Нағыз еркекке кімді ертсе де, не істесе де жарасады", "Не бопты? Барса, өз күйеуіне барды", "Әйел үйде тақымын қысып, шелпек пісіріп, құран оқытып жеңіс тілеп отырса, керемет болар еді", "Жасанды бәрі, көрініп тұр", "Қып-қызыл киініп алыпты. Жұртқа көрінуге барғанға ұқсайды", - деп жазған екен желінің кей қолданушылары.