Жанқош Тұраров WBO титулын қорғау алдында қарсыласының көзіне тік қарады

Жанқош Тұраров. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Бірінші жартылай орта салмақтағы жеңілмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) және оның британиялық қарсыласы Тайрон Маккенна (21-2-1, 6 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 3 сәуір Дубайдағы бокс кешінде жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Жанқошқа тиесілі WBO Inter-Continental титулы сарапқа салынады.

Еске салайық, осы бокс кешінде рингке өзге қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) те шығады. Ол венесуэлалық Хибер Рондонға (20-0, 13 КО) қарсы айқаста бірінші орта дивизиондағы WBC International белбеуін қорғайды.