Жанқош Тұраров пен Тұрсынбай Құлахметтің титулды айқастарына тікелей трансляция

Жанқош Тұраров. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Жеңілмеген қазақ боксшылар Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) пен Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, титулдарын қорғауға дайын,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы да бүгін, 3 сәуір БАӘ-де өтетін бокс кешінде рингке шығады. 

Тұраров бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуін британиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 КО) қарсы жекпе-жекте қорғайды.

Ал Тұрсынбайдың қарсыласы венесуэлалық Хебер Рондон (20-0, 13 KO). Бұл айқаста қазақстандыққа тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулы сарапқа салынады.

Тікелей трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 23:00-де басталады.