Жанқош Тұраров келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады

©instagram.com/zhankoshturarov

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) келесі кездесуін Алматы қаласында өткізетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Бұл жекпе-жек кешін DAZN стримингтік сервисі 200 елге таратады екен. 

"DAZN сервисі MOVIDA компаниясымен бірінші рет Қазақстанда өтетін бокс кешін әлемнің 200 еліне таратады. 

Бұл жекпе-жек кеші барысында мен испаниялық Энрике Луиспен IBO Intercontinental белбеуін сарапқа саламын. Айқас 11 желтоқсан күні Almaty Arena спорт сарайында өтеді", - деп жазды Тұраров Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Тұраров соңғы мәрте шаршы алаңға өткен жылы 18 желтоқсанла шығып, 45 секундта мысырлық Абдумонем Саидты жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport