Бокс
19 желтоқсан 2021 10:11

Жанқош Тұраров қарсыласын 45 сеундта құлатты

©Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Жаңқош Тұраров (25-0, 18 КО) кәсіпқойда кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде оның қарсыласы мысырлық Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО) болды. Он раундқа есептелген жекпе-жек 45 секундта аяқталды. Жанқош қарсыласын нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, 2019 жылы Тұраров WBO ұйымының құрлықтық белбеуін иеленген еді, ал 2021 жылы одан қорғаусыз айырылып қалды. 

Бұл бокс кешінің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport