Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыдағы бокс кешіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жекпе-жек кеші 11 желтоқсан күні өтеді. Отандасымыз венесуэлалық Энрике Луиспен қолғап түйістіреді. Қос боксшы IBO Intercontinental белбеуіне таласатынын айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, сол күні ММА шебері Арман Әшім кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жасайды.
"DAZN тарихында бірінші рет жекпе-жек кеші Қазақстанда ұйымдастырылады. 11 желтоқсан күні "Алматы Аренаға" келіп біздің қазақтарға қолдау көрсетіңіздер", - деді Тұраров.