Бірінші орта салмақта IBO және WBA Gold чемппионы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) алдағы жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді.
Оның келесі айқасы 28 қыркүйек Алматыда өту керек еді. Қарсылас жеңіліп көрмеген абсолют нокаутшы венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) еді.
"Ассалаумағалейкум достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алда хабарлаймын", - деп жазыпты боксшы әлеуметтік желіде.