Бокс
28 тамыз 2022 15:11

Жанқош Тұраров Головкин мен "Канело" кездесуіне болжам жасады

©Reuters

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші кездесу туралы ойын айтып, жекпе-жекке болжам жасады. 

Трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. 

"Біз Геннадий Головкинді ұлы боксшы деп санаймыз. Ол "Канело" екеуі орта және супер орта салмақтың ең мықты боксшылары. Үшінші кездесу екеуі үшін де қиын болады. Мен екі боксшының да мүмкіндіктері тең деп ойлаймын. Жекпе-жектің тағдырын бір соққы шешіп кетуі мүмкін. Сол дәл соққыны Головкин жасайды деп сенемін", - деді Тұраров. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport