Жанқош Тұраров әлемдегі ең бай боксшымен кездесті

©zhankoshturarov

Жартылай орта салмақта IBO чемпиондық атағына ие Жанқош Тұраров әлемдегі ең бай боксшы Флойд Мейвезермен кездесіп, бірге түскен фотосын instagram парақшасында жариялады. 

Америкалық боксшы Жанқошты келер апта спаррингке шақырған. 

"Әлемнің ең бай боксері @floydmayweather-мен бүгін жолықтық, келесі апта спаррингке шақырды. Бұрынғы түскен фотоны көрсетіп едім есімде дейді, ризамын Флойдқа?", - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 21 наурыз күні Алматыда өткізді. Қазақ боксшы мексикалық боксшы Алехандро Менесесті (16-6, 9 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, IBO чемпиондық атағын иеленген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport