Жанқош нокаутқа түсірген венесуэлалық неге жеңілгенін бүкпесіз айтты

13 желтоқсан 2022 12:09
©

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегінде IBO белбеуін жеңіп ала алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтың кейінгі қарсыласы Энрике Луис осындай пікір білдірді. 

Алдымен екі құлатты. Жанқош титулды айқаста сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

"Бұл үлкен айқас болды. Мен өзімді жақсы сезініп, жақсы бокс көрсетіп жаттым. Алайда жекпе-жек ортасында қарсылас шабуылын үдете түсті. Ол менен жылдам әрі күшті болды. Осы әсер етіп, мен қателік жібере бастадым. Ол жеңіске лайқыты болды, өйткені менен мықты екен. 

Оны жеңіспен құттықтаймын. Келесі айқасында ол әлем чемпионы белбеуін жеңіп алады деп ойлаймын. Оның болашағы зор. Ол өте талантты, қолынан келетіні көп. 

Қазақстан маған ұнады. Адамдары тамаша, қала да әдемі. Тағы бір келуге қуанышты боламын", - дейді Луис.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport