Жәнібектің титулды айқастағы жеңіс үшін қанша табыс көргені айтылды

©Boxingscene.com

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) жеңгені үшін қанша табыс тапқаны айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шетелдік дерекөздердің мәліметінше, Әлімханұлының кепілді гонорары - 400 мың доллар болыпты. Ал ақылы трансляция сатылымы 500 мыңнан асса, Жәнібек бір жарым миллион доллар пайда көреді екен. 

Айта кетейік, аталған сандар ресми емес, өйткені жекпе-жекті ұйымдастырушылар да, спорттық комиссия да боксшылардың шынайы гонорарларын жария еткен жоқ. 

Ал белгілі журналист Дэн Рафаэль германиялық Гуальтьери Әлімханұылмен жекпе-жек үшін 750 мың доллар алғанын айтып отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар