Екі салмақта чемпион болған америкалық Винни Пациенца орта салмақтағы боксшы Йоэнли Эрнандеске (8-0, 7 KO) таңданысын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оны Жәнібекке қазір қарсы қоюға болады екен
Пациенцаның айтуынша, болашағынан үміт зор кубалық боксшының рекорды әзірге қарапайым болғанымен, ол өз дивизионында кез келген қарсыласын жеңе алады.
"Йоэнли Эрнандестің небәрі 8 кәсіпқой жекпе-жегі болса да, ол орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңе алады, жеңетін де болады. Ол соншалықты мықты. Қазірдің өзінде мен оны Алимханұлы, Адамес пен Лараға қарсы қояр едім", — деп жазды Пациенца әлеуметтік желіде.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) қазіргі уақытта IBF және WBO чемпионы. Ол кейінгі жекпе-жегін биыл 5 сәуірде өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсірген еді.
Жарнама