Жәнібектің промоутерлері қандай қате жіберіп отырғаны айтылды

©twitter.com/boxingscene

Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) Ұлыбританияда жұдырықасу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.  

Жәнібектің келесі қарсыласы британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) болуы ықтимал екені айтылған.

"Әлімханұлы бокс элитасына жарып кірді, бірақ қазір белсендірек болу қажет. Ол бәрімен айқасуға дайын екеніне сенімдімін. Ол физикалық күшінің шыңына жетті, сондықтан кез келгенді жеңе алады. Оның промоутерлеріне Жәнібекті жекпе-жекке жиірек шығару керек. Жалпы, стандарт - ол жылына бес айқас. Атың шығып, әбден танылған боксшы болсаң, онды жылына үш рет шығуға болады. Жәнібек ел алдына жиірек шығып, атағын шығара беру қажет. Ұлыбританияда жекпе-жек өткізсе тамаша болады. Бұл жаңа аудитория, бұл Әлімханұлынның имиджін арттыруға көмектеседі", - дейді Демьяненко.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар