Жәнібектің міндетті қарсыласы жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа түсірді

©Boxen1.com

Орта салмақта өнер көрсететін британиялық Хамза Шираз (20-0, 16 КО) Сауд Арабиясының астанасында өткен бокс кешінде америкалық Остин Уильямсты (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.

12 раундқа есептелген жекпе-жек он біріншісінде аяқталды. Алдымен оныншы раундта Шираз қарсыласын бір құлатып алды, ал келесі раундта Шираздың ауыр соққысынан есеңгіреген Остин арқаннан ұсталып қалды, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Шираз техникалық нокаутпен жеңіске жетті, ал Уильямс карьересында алғаш рет жеңілді.

Еске салайық, Шираз WBO рейтингінде бірінші орында және ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport