Жәнібектің міндетті қарсыласы жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа түсірді
![Жәнібектің міндетті қарсыласы жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа түсірді](/userdata_kaz/news/2024/news_28603/crop_amp/photo_30632.jpg)
Орта салмақта өнер көрсететін британиялық Хамза Шираз (20-0, 16 КО) Сауд Арабиясының астанасында өткен бокс кешінде америкалық Остин Уильямсты (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта өнер көрсететін британиялық Хамза Шираз (20-0, 16 КО) Сауд Арабиясының астанасында өткен бокс кешінде америкалық Остин Уильямсты (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz.
12 раундқа есептелген жекпе-жек он біріншісінде аяқталды. Алдымен оныншы раундта Шираз қарсыласын бір құлатып алды, ал келесі раундта Шираздың ауыр соққысынан есеңгіреген Остин арқаннан ұсталып қалды, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Шираз техникалық нокаутпен жеңіске жетті, ал Уильямс карьересында алғаш рет жеңілді.
Еске салайық, Шираз WBO рейтингінде бірінші орында және ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы.
Жарнама